Болмасақ та ұқсап бағамыз да…

Адам баласы тумысынан айрықша ақыл иесі болып жаратылғанымен бәрі бірдей дана бола бермейді.  Бұл жаратылыс заңдылығы. Атам қазақ адам баласының бәрі бірдей бола бермейтінін «Он саусақ бірдей емес» немесе «Мал аласы – сыртында, адам аласы – ішінде» деп біре ауыз сөзге сыйғыза салған ғой! Неткен даналық десеңші?  Сонымен, сондай ақыл иесінің бірі (адам болып туған дегенім ғо…) – мен. Асып-тасып жатқан көл-дария ақылым болмаса да орта деңгейлі журналист атанып, қағаз шимайлап жүрміз. «Журналист бала» деген атаудың буы ма екен кім білсін, кейде бәлсініп данагөй ақсақалдар секілді қағазға бірдеңе түсіріп қоямыз. Абай атамыз: «болмасаң да ұқсап бақ» немесе «өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген жоқ па? Оқуды жалғастыру

ойланбайтын шенеуніктерге…

ойланбайтын шенеуніктерге

Жаһандану – әлем назарын аударған технология мен жаңашыл көзқарастардың, өткенді саралай отырып қалыптасқан адамзаттық мораль мен гуманизмнің тоғыса келіп классикалық үлгіге айналатын жалпы ғаламдық нормалардың этикалық, демократиялық үлгісі болуы шарт.

Ең алдымен қасиетті ұғым «сөз» жаратылған. Алайда, бұл кез-келген шаруаны құр сөзбен-ақ бітіруге болады дегенді білдірмейді

Ошақ жазбаларынан…

Жастар тәрбиесі жөнінде…

Бүгінде жастар бұзылып барады дегенді көп айтамыз. Бұл – қате пікір. Дұрысы – жастарды бұзып алдық.

Ойшылдар қаладан емес, даладан туады. Олар (қаладан шыққандар) биікке емес «билікке» құмартып тұрады.

Кедейліктің машақатынан байлықтың азабы ауыр болады.

«Жас өспей ме, жарлы байымай ма» дейді екен дана қазақ. Алайда, тәрбиесіз өскен жас пен сәулесіз байдың қоғамға қажеті шамалы.

Ойда жүргендер… Оқуды жалғастыру