Діни алауыздық қайдан келді?

imagesКеше жеке блогымдағы хидап, орамалға қатысты бұрынырақта жарияланған бір жазбама Жамал есімді бір қарындасымыз пікір қалдырыпты. Пікір ретінде қалдырғаны болмаса сұрақ. Сұрақ болғанда жауабы жоқ сұрақ. Сіздер үшін қандай екенін білмедім, өз басым жауап бере алатын дүние емес. Жамалдың айтуынша, пойызда келе жатып жол бойындағы зиратты көріп қолын жайып, бетін сипаған. Бұны көріп қасындағы бір адам біраз лекция оқыпты. Бара бара, ол кісі «қазақ мүлдем дінсіз болған. Әулиені құдай санап адасқан халық» дегенге дейін барыпты. Сосын амалсыз кейіпкеріміз көршісіне қарсы сұрақ қоюға көшіпті: Оқуды жалғастыру

Алашқа сауал: Ресей КСРО-ның тағдырын қайталауы мүмкін бе?

putin-plachetҚазіргі таңда Ресей Федерациясының құрамында бодандықта отырған Татарстан, Шешенстан, Удмурт, Ингушетия, Дағыстан, Қалмақстан, Қарашай-Черкесия, Адыгея, Марий Эл,Карелия, Алтай, Башқұртстан, Бурятия, Тыва, Кабарда-Балқар, Коми, Солтүстік Осетия, Мордовия, Шуаш, Саха, Хакасия секілді 21 республика бар. Осы 21 елдің жалпы аумағы Ресей территориясының 29 пайызын алып жатыр. Ал халқы жағынан келсек күллі Ресей Федерациясында тұратын халықтың 17 пайызын  құрап отыр. Былай қарасаң шалқып-балқып отырған «крутой» мемлекет.

Алайда кейбір сарапшылар алдағы бірнеше жылда ресейдің «байтал түгіл бас қайғы» күйге түсіп қаңғып қалатынын айтып жүр. Тіптен АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының сарапшылары алдағы бірнеше жыл емес келесі 2015 жылдан бастап осы республикалардың біразы Тәуелсідік алып, жеке ел болатынын болжап та қойды. Аузына май дейміз, әрине!  Бұлар қай мемлекеттер болуы мүмкін?

Айыр қалпақты қырғыз бауырларымыз тағы дүрлігіп жатыр

Айыр қалпақты қырғыз бауырларымыз тағы дүрлігіп жатыр. Бұл жолы олар елдің туына ауыз салып отыр: қырғыздың ал қызыл түсті туының түсін өзгертпек. Бір қызығы, бұл бастаманы аса құзыретті лауазым иелері – депутаттар бастаған. Айтуларынша, қызыл түс қанға малынуға яғни жаман ырымға бастайды. Оқуды жалғастыру

Бәйге, супер бәйге!!!

Құрметті жамағат! Ақиық блогы «Белгісіз өлең» айдары бойынша бәйге жариялайды. Төменде осындай белгісіз өлең жарияланып отыр. Осы өлеңнің авторы кім? Тапқан адамға жүлде беріледі!!!   Оқуды жалғастыру

Еркек пен әйелдің арасында достық бола ма

Осы еркек пен әйелдің арасында достық бола ма деген сұрақ жиі қойылып жатады. Бірақ, сұрағы қандай қызық болса, қырсыққанда жауабы да сондай «қызық» болып жатады… Көбісі әрине «бар» деп жатса, кейбіреулері әйел мен еркек арасында достық болмайды, ұзамай бұл махаббатқа немесе түсініксіз қатынастарға ұласып кетеді деп фәлсәфа ұрып жатады.  Бәрі дұрыс шығар. Бәрақ менің айтып отырғаным – ері мен әйелі яғни отбасылар арасындағы достық туралы…

Сіз қалай ойлайсыз???