Кедей халыққа митингіге шығуға болмайды

Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов жұрттың экономикалық жағдайына қатты алаңдайтын болып шықты.   Сейдуманов мырза журналистердің басын қосып, баспасөз-ланч өткізе отырып Алматының атауын «Алма-Ата» деп өзгерту туралы ұсыныс айтқан күні   тағы бір оқыс мәлімдеме жасаған еді: «Қазақстанда митингілер өткізудің хабарлау тәртібін енгізуге әлі ерте», – дейді ол.

Себебі, халықта ақша жоқ. «Хабарлау жүйесі рұқсат беру жүйесіне қарағанда қатаңдау. Егер заң бұзсаң, 10-15 мың еуро төлейсің. Мұндай қаржыны бір де бір партия, бір де бір азамат төлей алмайды. Халықтың экономикалық жағдайы жақсарғанда енгізуге болады», – дейді С.Сейдуманов.

Астаналықтарға сағыз шайнауға болмайды!

Менің мәңгілік президентім Нұрсұлтан Назарбаевтың «аузындағы сағызын кез келген жерге тастай салатындарды үш тәулікке дейін қамап, шыңғытып алыңдар» деген аса көреген тапсырмасынан кейін, Астаналық полицейлер тұрғындардың аузын аңдуға кірісіп те кетті. Кеше БАҚ біткен елордалық сақшылар айналасы екі-үш күннің ішінде екі мыңнан астам сағыз түкіргішті қолға түсіргендерді айтып, ұлардай шулап жатыр.  Бас ал десе шаш алатын қызметкерлер алыста тұрып «тфу!» деп атып жіберген сағызы қисық кетіп қоқыс жәшігіне түспей қалғандарға айыппұл салып қана қоймай, қамауға ала бастапты.  Оқуды жалғастыру

Жанна Фрискеге өлердей ғашықпын…

Жақында Қарағандыда жақын сыйласып жүрген достарымның бірі Астанаға қыдырып келіпті. Кеншілер қаласы таяқ тастам жерде тұрса да бас қалаға бірінші рет келіп тұрған беті. Астананың көркем жерлерін аралатып көрсеттім. Астананың түнгі көрінісін тамашаладық. Сосын ішімізге ел қондырып алайық деп, Абай-Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы «Т… н» (Блогта тегін жарнама жасалмайды…((( ) деген дәмханаға бас сұқтық. Содан не керек, әңгімеге ойыстық: «Жасымыз біразға келді. Бас құрау жайы ойда жоқ па?» деп адамша әңгіме қозғап жатсам Аман жарықтық: (Әйтеуір аман жүрсін деп атын өзгертіп алып отырмыз – ред.) «Жанна Фрискеге өлердей ғашықпын» (!) дееееп қарап отыр. Оқуды жалғастыру

Судьялар да стриптиз билей ме?

Естімеген елде көп. Соттар да стриптиз билейтін болыпты. Әуежайдың тексеру бекетінің қызметкерлеріне қарсылық ретінде Алматы қалалық Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Марат Мақсұтов бекеттен жалаңбұт өткен. Ең қызығы бұл «стриптиз» қалың жұрттың көзінше болған. Оқуды жалғастыру

«Азиада алаугері» қылмыскер болып шықты

Алматының Қалқаман ықшамауданындағы қанды қақтығыстың жаңғырығы әлі де басыла қойған жоқ. Кеше осы қылмысқа қатысты жаңа мәлімет пайда болды. Полицейлер қырғынды ұйымдастырған қылмыстық топтың тағы бір белді мүшесін қамауға алды. Күдікті анау-мынау емес, шығыс жекпе-жегін жетік меңгерген спорт шебері Долкун Мамедов болып шықты. Мамедов мырза осы қыста елімізде өткен Ақ ойындар кезінде Азиада алауын алып жүгіріп өткен болатын. Оқуды жалғастыру

Сенаттағы «шок!» немесе Жоғарғы соттағы «төңкеріс»

Атам қазақ жеке ел болып, тәуелсіздік алғалы болып көрмеген оқиға. Парламенттің жоғарғы палатасы Сенатта кеше ерекше жағдай болды. Кешке қарай шұғыл түрде Сенат отырысы шақыртылды. Отырғандар арасында сымдай тартылып Қаржы полициясының төрағасы Қайрат Қожамжаров пен Жоғарғы соттың төрағасы, бұйығы мінезді Мұсабек Әлімбеков көрінеді. Жұрт аң-таң. Депутаттар да біріне-бірі қарайды. Көп кешікпей жылыстап есіктен президент әкімшілігінің төрағасы Аслан Мусин енді. Оқуды жалғастыру

Қазақта порно бар ма еді?

Қазақтар порно түсіріпті! Осыдан жарты жыл бұрын бұл жаңалықты естігенде қапелімде аузыма сөз де түспей қалған еді. Тек, өзіме-өзім «не болып барамыз, өзі?» деп сауал қойып қана шектелдім. Иа, не болып барамыз, өзі? Батыстың былапыт биті қазақтың да балағына еніп, басына өрмелей бастады. Басқасы жетпегендей, порно да түсіріп үлгердік. Оны түсірген кәдімгі қазақтың қаракөздері. Оқуды жалғастыру