Шайтан-шоқпар немесе Қазақстанда жасалған аса құпия қару туралы…

Иа, қағыс естіген жоқсыз. Қазақстанда құпия қару жасалыпты. Әзір оның «шайтан-таяқ» деп аталып жүргенін ғана естіп-біліп отырмын (ресми-бей ресми екенін біле алмадым). Шайтан-таяқ… дұрысы шайтан-шоқпар туралы қазірдің өзінде батыстың белді басылымдары шуылдап жазып жатқан секілді. Тіпті ғаламтор бетінде аңызға бергісіз бейне-жазба да жүр. Енді сол бейне жазбаны көріңіздер: Оқуды жалғастыру

Жұмбақ, жұмбақ!

Рас болса, қыруар қаржыға түсірілсе де, мазмұны солғын шығып бітпес дауға қалған «Көшпенділер» фильмінің жалғасы түсірілетін көрінеді. Бұл жолы да шетелдік атақты актерлер шақыртылмақ. Алайда, нақты кімдер келетіні әзір белгісіз. Тек ішінде отандық шоу-бизнес өкілдерінен белгілі әнші-сазгер Лұқпан Жолдасовтың есімі ғана аталып қалды. Оған басты рөлдердің бірі берілетін секілді. Сіз қалай ойлайсыз? Жолдасовқа қандай рөл берілуі мүмкін?

С русским языком можно творить чудеса

Ғаламтор бетін ақтарып отырып осындай бір мақалсымақ бірдеңе тауып алдым. Орысша жөнді (!) білмегендіктен мағынасын онша түсіне алмадым. Ол қандай ғажайып болды екен? Сіз қалай ойлайсыз?

 

Блогшыларды кім қалай елестетеді немесе виртуалды әлемде кім қалай танымал болады?

«Блог аштым, мінеки, бар малымды шығындап» немесе «блог аштым бір пайда бола ма» дегендей ақпарат айдынына блогер болып (Блогшы Бүркіт) кіргеннен бері көбімен даныш болып  қалдым. «Даныштық» дегенде жүзбе-жүз емес виртуалды даныштықты айтам да. Көбін Қисық, Сатыпалды, Тамшы, Алты қарыс – жеті шақырым деп қана танимыз. Оқуды жалғастыру

«Бесбармаққа» қарсымын немесе қазақты мутант етіп көрсетпейік

Осы мен «бесбармақ» (тілі келмейтіндер немесе қазақтың қас-дұшпандары «бешбармақ» деп атайды) деп ішегін созып жүргендерге таң қаламын. Турасын айтсам, жыным келеді. Бес бармағын өзінің бір жеріне тығып жібергім келеді!!! Оқуды жалғастыру

Сұрақ бізден – жауап сізден…

Қазір расы керек, өліра кезең болып тұр. Үлкен кісі «жарты құдай»  қошқарлар «әулие» атанып жатқанда (Талдықорғандық Еламан атты қошқарды айтамын да) бір түрлі министр немесе әкім болғың келеді екен… Ешкімнің ештеңеге зауқы жоқ, күбір-сыбырмен күн кешіп барамыз. Сондықтан «әкім болдым мінеки, бар малымды шығындап» деп Абай атамыз айтпақшы, бар миымды шығындап жүріп ашқан блогыма көңіл көтерерлік дүниелер қоссам деп едім. Осыным дұрыс па?

Қошқар қалай «әулие» атанып жүр?

Еламан атты "әулие қошқар" осы...

Естімеген елде көп, Талдықорғанда Еламан деген бір қошқар (кәдімгі қойдың атасы) күтпеген жерден әулиелік қонып жегі құрт – сыбайлас жемқорлықпен күресіп жүр деген сыбыс шықты. Бақсақ – бақа екен демекші, бұл сыбыс рас екен. Бүгінгі таңда әулие қошқар бір топ қолдаушыларымен бірге Қазақстанды аралап, жол жүріп кетіпті. Жарықтық қошқардың ондағы ойы – шенділер мен шекпенділер игере алмай отырған жемқорлықтың тамырына балта шабу болса керек… Оқуды жалғастыру