Неге су перісі Сүлеймен болған?

waterМЕНІҢ КОДЫМ – Н2О
немесе
неге су перісі Сүлеймен болған?

  1. Су туралы ештеме білмейміз

 Су – жер әлемдегі ең әдеттегі дүние. Әрі барша тіршілігімізбен тығыз байланысты. Бірақ, тылсымға толы стихияның бойына қандай құпияны бүгіп жатқанын біле бермейміз. Ол қайдан пайда болды? Біздің планетамызға оны кім және не үшін жайғастырды? Мүмкін бұл сауалдардың бәріне жауапты берсе, тек судың өзі ғана бере алар. Бүгінде жер бетіндегі су әу басында тәңір дүн-дүниені жаратқанда қаншалықты көлемде болса, сол қалпынша сақталған. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Толғағы қысқан әйелді қасқырлар босандырып алыпты

каскырТағы да бір адам сенбес оқиға. Американдық Мэри Краник есімді бір әйелді айдалада қасқырлар босандырып алыпты. Күтпеген жерден толғағы қысып, талып қалған әйелдің сәбиін аман-есен дүние есігінен аттатқан көк бөрілер боранда қалған панасыз жандарды құтқарушылар келгенше араларына алып жылытып отырған. Оқуды жалғастыру

Қармақшылық тұрғын қандай тылсымның бұйрығын орындап жүр

photo_807Кешелі-бері БАҚ бетінде Қызылорда облысы Қармақшы ауданының бір тұрғыны туралы ақпарат тарап жатыр. Рас болса ол он төрт жылдан бері өзге түгілі өзі де түсінейтін белгісіз белгілерді жаза екен. Оқуды жалғастыру

Қарқаралының қарғасы да «Алла» деп қарқылдайды…

Қарағанды облысының  Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ елді-мекенінің тұрғындары ерекше құбылысқа куә болып отыр. Ауыл қарғалары өз туыстастарынан ерекше – «Алла» деп қарқылдайды екен. Тылсым құбылысқа алғашында ешкім мән бере қоймаған. Бірақ таң рауандай бере,  құс «Аллалап» азан шақыратынын естігенде ауыл тұрғындары өз құлақтарына өздері сенбепті. Бұл көрініс қайталана берген соң тұрғындар аңдып жүріп «азаншы ала қарғаны» бейнетаспаға түсіріп алған. Оқуды жалғастыру

Шымкенттің су қоймаларында медуза пайда болды

Соңғы жылдары тылсым табиғат алуан-түрлі мінез танытып жүр. Шымкенттегі жасанды су қоймаларының бірінде, тропикалық су жәндіктері пайда болды. Дәлірек айтсақ, мұнда медузалар, тіршілік ететін болып шықты. Оқуды жалғастыру

Қостанай облысында көктемнің жаршысы бәйшешек гүлдеп жатыр

Шебер табиғаттың сырын кім түсінген…?  Ел аумағын аптап ыстық қуырып жатқанда Қостанай облысында көктемнің жаршысы – бәйшешек гүлдеп жатыр.  Бәйшешек гүлі – атам заманнан көктемнің жаршысы саналады. Наурыз-сәуір айларында қар құрсауы сөгілмей жатып-ақ өсіп жатады. Ал, оның Жаздың соңында өскенін ешкім көрмегені сөзсіз. Оқуды жалғастыру

Қостанай облысында таңғажайып суреттер табылды

1 - Сурет

Торғай өңірін зерттеп жүрген археологтар 9 геометриялық өрнек тапқан. (1-2 сурет) Олар бұл геоглифтарды 2007 жылы Торғай үстіртінің ғарыштан түсірілген суретін зерттеу кезінде көрген. Жерде пайда болған құпия бейнелер тек жоғарыдан ғана көзге көрінеді. Оқуды жалғастыру