Биологиялық қару…

434_2526056c100ff09f5ae2d479f9a563c6Мына қызықты қараңыз: Батыс ғалымдары сүндеттеудің пайдасы туралы ғаламат жаңалық ашып жатыр. Айтуларынша дер кезінде үшкіртіп алған насыбай көптеген инфекциялық аурулардан сақтайды екен. Тіптен Америка мен Австралия педиатрлары тізе қосып, ел үкіметіне 99 түрлі екпемен қатар насыбай кесуді міндеттеу туралы хат тапсырыпты деген сыбыс бар. Брайан Моррис атты бір профессордың сүндетке отырғызылмаған балалардың тең жартысы түрлі инфекциялық ауруға шалдығады деген оқыс мәлімдемесі бір аптадан бері батыс басылымдарында «хит» болып тұр. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Діни алауыздық қайдан келді?

imagesКеше жеке блогымдағы хидап, орамалға қатысты бұрынырақта жарияланған бір жазбама Жамал есімді бір қарындасымыз пікір қалдырыпты. Пікір ретінде қалдырғаны болмаса сұрақ. Сұрақ болғанда жауабы жоқ сұрақ. Сіздер үшін қандай екенін білмедім, өз басым жауап бере алатын дүние емес. Жамалдың айтуынша, пойызда келе жатып жол бойындағы зиратты көріп қолын жайып, бетін сипаған. Бұны көріп қасындағы бір адам біраз лекция оқыпты. Бара бара, ол кісі «қазақ мүлдем дінсіз болған. Әулиені құдай санап адасқан халық» дегенге дейін барыпты. Сосын амалсыз кейіпкеріміз көршісіне қарсы сұрақ қоюға көшіпті: Оқуды жалғастыру

«Жалаңаш» әйел қағазы ашылған кәмпит секілді…

imagesБір британдық жігіт мұсылман ғалымнан: «Неліктен Исламда әйел
адамға бөгде ер адамдармен қол алысып амандасуға тыйым
салынған?», – деп сұрайды.
Ғалым: «Елизавета патшайыммен қол алысып амандасу мүмкін бе?», – деп сұрапты.
Әлгі жігіт: «Әрине белгілі бір адамдардан басқаларға мүмкін емес», – деген екен.
Ғалым: «Бізде әйел адам да патшайымдар іспеттес, кез келген ер адамдар олармен қол алысып амандаса алмайды», – деп жауап беріпті.
Сосын әлгі кісі ғалымнан тағы да:
«Неліктен сендерде әйел адам денесін, басын жауып жүреді», – деп сұрайды.
Мұсылман ғалым жымыйып, қолына екі кәмпит алып, бірін ашып, бірін ашпай екеуін жерге тастай салады да Британдық жігітке: «Егер сенен жерде жатқан екі кәмпиттің бірін ал деп талап етсем, қайсысын алар едің?»,– дейді.
Жігіт: «Әрине, ашылмағанын», – деп жауап қатады.
Міне, дініміздің де әйел адамға қатысты ұстаным осындай деген екен мұсылман ғалымы.

Ескерту: Суреттің материалға еш қатысы жоқ. Жай көрнекі сурет…

Барак Обама шайтанға ұқсай ма?

Барак ОбамаБелгілі режисер Рома Даунидің «Құдайдың ұлы» атты картинасы түсіріліп, жақын күндері әлемдік көрсетіліміге аттанғалы отыр. Бір өкініштісі, аталмыш фильмнің ібіліске қатысты тұстарын қиып тастауына тура келіп отырғанға ұқсайды. Өйткені ібілісті сомдаған актерді бояп-сылап кеп жібергенде АҚШ прежиденті Барак Обамадан аумай қалған.

Доунидің айтуынша, ібіліске қатысты тұстары онша көп емес. «Көрермендер арасында теріс түсінік туып кетпесін деген күдікпен қиып тастадық. Фильм желісі бастан-аяқ Иса пайғамбар туралы болады.  Картина ішінде Исаның ібіліспен кездесетін жері болған. осыны алып тастадық», – депті Рома Дауни.

Фильмнің алғашқы премьерасы ертең АҚШ-та өтеді…

Алашқа сауал: Ресей КСРО-ның тағдырын қайталауы мүмкін бе?

putin-plachetҚазіргі таңда Ресей Федерациясының құрамында бодандықта отырған Татарстан, Шешенстан, Удмурт, Ингушетия, Дағыстан, Қалмақстан, Қарашай-Черкесия, Адыгея, Марий Эл,Карелия, Алтай, Башқұртстан, Бурятия, Тыва, Кабарда-Балқар, Коми, Солтүстік Осетия, Мордовия, Шуаш, Саха, Хакасия секілді 21 республика бар. Осы 21 елдің жалпы аумағы Ресей территориясының 29 пайызын алып жатыр. Ал халқы жағынан келсек күллі Ресей Федерациясында тұратын халықтың 17 пайызын  құрап отыр. Былай қарасаң шалқып-балқып отырған «крутой» мемлекет.

Алайда кейбір сарапшылар алдағы бірнеше жылда ресейдің «байтал түгіл бас қайғы» күйге түсіп қаңғып қалатынын айтып жүр. Тіптен АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының сарапшылары алдағы бірнеше жыл емес келесі 2015 жылдан бастап осы республикалардың біразы Тәуелсідік алып, жеке ел болатынын болжап та қойды. Аузына май дейміз, әрине!  Бұлар қай мемлекеттер болуы мүмкін?

Ажал аузындағы адамдар не ойлайды?

0e7a168d_1Бүгін газет-журнал ақтарып отырып дәл осындай тақырыптағы бір материалға тап болдым.  Қызықты әрі қорқынышты тақырып әрине. Сондықтан сіздермен де бөлісе кетуді жөн көріп  отырмын. Расында бұл өмірдегі несібесі таусылып, ақырғы сәт алдында жатқан адамдар не ойлайды екен?   Оқуды жалғастыру