Көне байрақтар

Бөрілі байрақҰлан-ғайыр далада үстемдік құрып, бірнеше мәрте алып империя құрған сақ, ғұн, сармат секілді түрік тайпалары өз заманында аманат пен антқа адалдық, опасыздық және қиянаттан сақ болу, бұйрыққа бағыну әрі оны сөзсіз орындау секілді құндылықтарға негізделген мызғымас әскери тәртібімен ғана емес, өте айбынды мемлекеттік нышандарымен де ерекшеленіп көрінетін.

Оқуды жалғастыру

Қазақты бүгінгі тығырықтан Алаш идеясы ғана құтқарады

01e21a9f46d9625f8deccefce06d0cbd_xlБүгінгі таңда күллі қазақтың арманы мен мұңын біріктіріп, басын қосатын жалғыз ғана жол бар. Ол – біртұтас Алаш идеясы. Одан басқа ештеңенің керегі жоқ.

30 жылда жете алмаған жетістігіміз бен белесімізді тек Алаш рухымен табысу арқылы ғана бағындыра аламыз. Өйткені біздің Тәуелсіздігіміздің өзі Алаш арыстарының арқасында келген дүние. Қалай дейсіз ғой?

Оқуды жалғастыру

Көк түріктік қарулар: Садақ

beb8d2622af1e0e6dce075fed9ca811cКөшпелі қазақ халқының жауынгерлік дәстүрінде ату, шабу, кесу, түйреу және соғуға ыңғайлы найза, садақ, қылыш, айбалта және шоқпар секілді бес түрлі қару қолданылған. Өйткені, қарудың бұл түрлері ат үстінде отырып ұрыс салуға және жаяу соғысқа, шұғыл қимыл жасауға ыңғайлы, жеңіл сілтенетін қару түрлері болып саналады. Сонымен қатар, қорғаныс мақсатында жауынгерлер үстіне сауыт киіп, қалқан ұстады. «Ер қаруы – бес қару» деген сөз осыған байланысты шыққаны белгілі. Алайда бұл көшпелі қазақ халқы бұдан басқа қару пайдаланбады деген сөзді білдірмейді.

Оқуды жалғастыру

Тоғыз тоғыс және жеті амал

cafeb7cada688c9ebde74cb3e1153809Қазақ халқы бір жылдың 365 күнін әрқайсысы 90 күннен тұратын төрт мезгілге (кейбір зерттеушілер мұны төрт дүлей деп атап жүр) бөліп қарастырады Бұларды күнделікті өмірде көктем, жаз, күз және қыс деп шартты түрде атағанымызбен бұрынғылар бұл мезгілдерді су, от, топырақ және ауа секілді төрт жаратылыстың үстемдік құратын уақыты деп санаған.
Мәселен көктемде дүниенің барлығын су басады, жазда көк шалғын (от) және ыстық ауа райы орнайды. Күзде шөп сарғайып, ыстық қайтады. Топырақ көрініп, жер демалады. Ал қыста алдыңғы үш дүлей тыныштық тауып боран мен ұйытқыған желдің уақыты келеді. Осы төрт дүлейдің қар, жаңбыр, ыстық, суық, аяз, жел, боран секілді құбылыстарын амал деп атаған. Амалға қарап болжам жасаған, малын төлдетіп, көшін түзеген.

Оқуды жалғастыру

Көне түріктік әскери атақтар ІІ

8e5c21e40aff0eb5b4b46d193116ffc5

Ноян

Моңғол тілінде «ноеон» сөзі  мырза деген мағына береді. 11-12 ғғ. – ақсүйек рубасылар, 13-14 гг. – ханзадалар, мыңбасы, жүзбасылар, 14-17 ғғ. – феодалдар, 17-20 ғғ. – әртүрлі жоғары шенді әскерилер ноян деп аталған.  Кезінде бектер мен әмірлерді де ноян деп атаған. Оқуды жалғастыру

Дала диссиденті

b1dbc88ce981420b7f9637444b5cb4ffҚұныскерей Қожахметұлы – советтік жүйенің озбыр саясатына ашықтан-ашық қарсы шығып, бордай езілген қазақтың қамы үшін атқа мінген азаматтардың бірі әрі бірегейі. Әрі қазақтан шыққан алғашқы диссидент саналады. Құныскерей 1895 жылы (кейбір деректерде оның 1886 жылы, тағы бір жерде 1899 жылы туғаны айтылады) Атырау өңіріне қарасты Тайсойған құмындағы Нөсер деп аталатын шағын қыстауда туған. Сол өңірдегі Кермеқас және Қаракөл елді мекендеріндегі жергілікті орыс-қазақ мектебінен (бұл мектептердің негізін 1880 жылы Ыбырай Алтынсарин қалаған) сабақты жақсы оқып әр түрлі деңгейде мемлекеттік қызметтер атқарады.

Оқуды жалғастыру

Әбдуақап ҚАРА: Айтыстың келешегіне алаңдаймын

f50d42e7553c1635030330faee6b3d92 – Әбеке, жақында Астана төрінде өткен аламан айтыстардың біріне қазылық етіп қайтқаныңызды білеміз. Не ой түйіп қайттыңыз? Қазіргі айтыстың жағдайы қалай екен? Сырт көз ретінде не айтасыз?
– Өткен жылдың 20-21 қазан күндері Астана қаласында өткен «Жыр арқауы – Астана» атты халықаралық ақындар айтысында қазылар алқасының қатарында болдым. Қазылар алқасында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, белгілі ғалым, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы және Моңғолиядан келген ақын Шынай Рахметұлы сынды азаматтар болды.

Оқуды жалғастыру

Көне түріктік әскери атақтар

8e5c21e40aff0eb5b4b46d193116ffc5Әдетте көшпелі қазақ қоғамының әскери өмірі жайлы сөз қозғасақ онбасы, жүзбасы, мыңбасы, түменбасы, бек, беглер бегі (Бас қолбасшы) немесе тархан секілді он шақты ары кетсе жиырмаға жуық көне атаулармен шектеліп жатамыз. Алайда ұланғайыр далада үстемдік құрып, бірнеше мәрте алып империя құрған сақ, ғұн секілді түркі тайпаларының өздеріне тән әскери тәртібі, заңдары болғанын көбіміз ескере бермейміз.
Берісін айтқанда Шыңғыс ханның «Ұлы жасақ» заңы, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», әз-Тәукенің «Жеті Жарғысы», бертіндегі «Абылайдың қара жолы» атанып кеткен дала заңдар жинағында қатаң әскери реформа, ұжымдық жауапкершілік, аманат пен антқа адалдық, опасыздық және қиянаттан сақ болу, бұйрыққа бағыну әрі оны сөзсіз орындау секілді құндылықтарға негізделген мызғымас әскери иерархия жатты.

Оқуды жалғастыру

Еуропа мойындаған диссидент

4b42b7b375a46618404907850adcc290Махмет Құлмағамбетов – кезінде бүтіндей бір советтік жүйеге қарсы шығып марксизм-ленинизм ілімін ашықтан-ашық жоққа шығарған, ақыры содан қуғын көріп шетелге кетуге мәжбүр болған қазақ азаматы Көптеген зерттеушілер ол кісінің қазақтан, тіптен күллі Орталық Азиядан шыққан алғашқы диссиденттің бірі екенін айтады.

Оқуды жалғастыру

Құралай деген қандай жаратылыс?

post-2812671-1505376590Біз күнделікті өмірде «құралайды көзге атқан мерген», «құралайдың салқыны» немесе «құралайдың желі» деген тіркестерді жиі қолданатынымыз болмаса құралай сөзінің нақты не мағына беретінін біле бермейміз. Әдетте құралай ұғымы киікке, ақбөкенге қатысты айтылады. Яғни киіктің лағын құралай деп атайды. Оқуды жалғастыру