«Бас байке» таққа отырды

2 пікір

Алатооның ар жағында жатқан Қырғыз мемлекетінің жаңадан сайланған президенті Алмазбек Атамбаев бүгін ресми түрде өз қызметіне кірісті. More

Жанна Фрискеге өлердей ғашықпын…

1 пікір

Жақында Қарағандыда жақын сыйласып жүрген достарымның бірі Астанаға қыдырып келіпті. Кеншілер қаласы таяқ тастам жерде тұрса да бас қалаға бірінші рет келіп тұрған беті. Астананың көркем жерлерін аралатып көрсеттім. Астананың түнгі көрінісін тамашаладық. Сосын ішімізге ел қондырып алайық деп, Абай-Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы «Т… н» (Блогта тегін жарнама жасалмайды…((( ) деген дәмханаға бас сұқтық. Содан не керек, әңгімеге ойыстық: «Жасымыз біразға келді. Бас құрау жайы ойда жоқ па?» деп адамша әңгіме қозғап жатсам Аман жарықтық: (Әйтеуір аман жүрсін деп атын өзгертіп алып отырмыз – ред.) «Жанна Фрискеге өлердей ғашықпын» (!) дееееп қарап отыр. More

Қарқаралының қарғасы да «Алла» деп қарқылдайды…

1 пікір

Қарағанды облысының  Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ елді-мекенінің тұрғындары ерекше құбылысқа куә болып отыр. Ауыл қарғалары өз туыстастарынан ерекше – «Алла» деп қарқылдайды екен. Тылсым құбылысқа алғашында ешкім мән бере қоймаған. Бірақ таң рауандай бере,  құс «Аллалап» азан шақыратынын естігенде ауыл тұрғындары өз құлақтарына өздері сенбепті. Бұл көрініс қайталана берген соң тұрғындар аңдып жүріп «азаншы ала қарғаны» бейнетаспаға түсіріп алған. More

Алтынға айналған тас

Пікір қалдыру

«Алаш медиа» компаниясында Ұлықбек Қорғанов деген азамат жұмысістейді. Ол кісі күн сайын өзі араласатын адамдарға агент арқылы Хадистер, ғибратты әңгімелер жіберіп тұрады. Бүгін келіп пощтамды ашып жатсам сол кісіден «Алтынға айналған тас» деген ғибратты әңгіме келіп тұр екен. Оқып көріп, қатты ұнаттым. Соны сіздірдің назарына ұсынбақпын.    More

Курорт-түрме

2 пікір

Көңіл хошына қарай түрліше көсілте салатын Менің Президентім Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің қос палатасының біріккен отырысында «елімізде ізгілендіру шаралары сәнге айналып кетке кетті», – деп салды. Айтуынша, соңғы жылдары түрме атаулының бәрін «курорт қыламыз» деп жүріп жалпы тәртіпті қожыратып алыппыз. Әбден есірген түрмедегілер керегінше есірткі шегіп, қару асынып жүретін болған. «Бас бостандығынан айыру орындарына қару-жарақ, пышақтар, есірткі секілді не керектің бәрі жөнелтіліп жатыр», – деп атап өткен менің Президентім тәртіпті қатайту керектігін нығыздап тұрып айтты. More

Жар таңдаудың азабы немесе заманға сай ҒИБРАТНАМА

9 пікір

Ертеректе атағы әлемге жайылған  бір патшаның ай десе аузы, күн десе көзі бар әсем қызы болыпты. Қыз бой жетіп, тұрмыс құрар шақта, ешкімді менсінбей жүре беріпті. Көрші елдің ханзадалары  мен  бай-манаптың  ұлдарын да ұнатпай, мұрнын шүйіріпті. More

Ұры кім? Қазақ па әлде Қырғыз..?

9 пікір

Алатооның арғы беті мен бергі бетін қатар жайлап отырған қос ел – қазақ пен қырғыз ежелден тамырлас ел. “Қырғыздың да беті жап-жалпақ, қазақтың да беті – жап-жалпақ, екеуінің де бастарына кигені киіз ақ қалпақ” деп екі бауырлас ел кезінде құда болып ұлан-асыр той жасады. Алайда, бұл құдалық ұзаққа бармады. Бірінің ұлы, бірінің қызы ұрсысып қалып, екі жаққа кетті. Кейін сол құданың бірі тақтан ауып түсіп, сібір ауып кетсе, бірі әлі тың, тағында отыр. Бірақ, біздің айтпағымыз бұл емес. Тағдырдың ісі деп жақаурата салайық… More

АЛАШТАНУДЫҢ АЛЫБЫ 60 ЖАСҚА ТОЛАДЫ

Пікір қалдыру

Алдағы дүйсенбі, яғни, 15 тамыз күні алаштың ардақты ұлы – Тұрсын Жұртбай 60 жасқа толады. 1951 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданына қарасты Шаған ауылында дүниеге келген ол 1968 жылы Ж.Молдағалиев атындағы орта мектепте оқып, бітіреді. Сол жылы ЖОО түсуге мүмкіндігі болмаған бозбала Тұрсын Абай ауданына қарасты «Қызылту» кеңшарының 13 бөлімшесінде бухгалтер-есепші болып қызмет етеді. Тек бір жылдан соң ғана (1969-1974) қазiргi Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде оқу мүмкіндігіне ие болады. More

Брюс Лидің шапаны 77 мың АҚШ долларына сатылды

1 пікір

Аты аңызға айналған актер Брюс Лидің көзі тірісінде киген бір шапаны Гонконгте өткен аукционда 77 мың долларға сатылды. Осылайша, үлбірден жасалдан бақытты пальто аукционға белгіленген бастапқы бағасынан 9 есе қымбатқа бағаланып отыр.
More

Перуашевтің “тұлпары” қайда барады?

Пікір қалдыру

«Атамекеннен» түлеп ұшып, Ақ жолдың тізгінін алған Азат Пеуашев араға ай салмай жатып тағы шекпен ауыстырып жатыр. Келесі аптадан бастап Парламент мәжілісінің депутаты мандатын алмақшы. More

Older Entries

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.