Блогкэмп «жаңғырығы»

Кеше күн жексенбі болғандықтан ішім пысып, ұялы телефонымды ақтарып отырғам. Осыдан бір жылдай бұрын түсірілген суреттерім мен бейнежазбаларды дөңгелетіп отырып талай қызықты жазбаларға тап болдым. Ішінде Азиаданың ашылу салтанатында түсірілген жазбалар да жүр екен.
Біріқ, ең құндысы – Қазақ блоггерлерінің алғашқы құрылтайында түсіріп алған бірнеше минуттық жазба тапқаным. Микрофлештің беймәлім қуысында тығылып жатқан жәдігерді тұмшалай бермей, қалың жұртқа жариялауды жөн көріп отырмын. Ұмытпасам, құрылтайдың бірінші күні кешке қарай валейболдан өткен турнирден кейін түсірілген кадрлар. Асықпай қарап, көріңіздер…

4 responses to “Блогкэмп «жаңғырығы»

Пікір қалдыру